17.05.19
«Халықаралық отбасы» күні мерекесіне орай шағын футболдан турнир өтті

17 мамыр «Халықаралық отбасы» күні мерекесіне орай «Сарыарқа» велотрегінде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің отбасылары арасында шағын  футболдан турнир өтті.

Жарыс қорытындысына сәйкес 1 орынды «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» командасы қанжығасына байлады. 2 орынды «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» командасы иеленсе, 3 орынды «Спортты дамыту дирекция» командасы алды.